Пицца дайындау – бұл шығармашылық пен көңіл күйдің себебі. Пицца – бұл балаларыңмен, отбасыңмен және достарыңмен уақыт өткізуге арналған мінсіз тағам. Кездесу, достарыңмен үстел ойындары немесе құрбыларыңмен отырыстар – пицца күні-түні кез келген уақытта сізді құтқарады. 😊

Gorenje PizzaPlus тұмшапешімен пицца дайындау процессі бұрын соңғы мұндай жеңіл әрі жылдам болған емес.
Құпиясын білгің келе ме?
#1
Gorenje ұсынатын PizzaPlus тұмшапеші
НЕБӘРІ 3 МИНУТ ЖӘНЕ 30 СЕКУНДТАҒЫ МІНСІЗ ҮЙ ПИЦЦАСЫ.
Үлпілдеген неополитан қытырлаған қабық пен шырынды ортасына арналған тұмшапеш

PizzaPlus бағдарламасы
Мінсіз үй пиццасына арналған арнайы бағдарлама. Жиынтығына теңдесі жоқ пісірмелерге арналған қажетті аксессуарлар кіреді.

 

Пиццаға арналған арнайы металл таба
Жиынтыққа кіретін таба жылуды сіңіреді, бұл қабықтың астында әдемі көпіршіктер қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тіпті дәстүрі итальян пиццерияларындағы пицца сияқты. Ең жақсы нәтижеге қолжеткізу үшін табаны 5-деңгейде қолданыңыз.

 

Пиццаға арналған қалақша
Пиццаны қызып тұрған табаға салу немесе одан алу үшін пиццаға арналған қалақшаны қолданыңыз. Пиццаның жабысып қалмауы үшін қалақшаға ұнтақ жарма немесе ірі ұн себіңіз.

ТАҒЫ ДА КӨПТЕГЕН КЕРЕМЕТ ФУНКЦИЯЛАР
Тұмшапеш туралы толығырақ Arrow
#2
Үй пиццасына арналған қамыр

Мінсіз қамыр үшін жылы емес, салқын суды қолданыңыз. Салқын судың арқасында қамыр баяу көтерілетін болады. Құрылымы мен сапасының жақсы болуы үшін 00 сұрыпты ұнды таңдаңыз. Қамырды ұзағырақ илеңіз, бұл қамыр құрылымының жақсы болуы үшін қажетті дәнмаңызының түзілуіне септігін тигізеді.

Ингредиенттер (4 пицца)

  • 550 г 00 ұн
  • 355 г су
  • 5 г тұз
  • 1 г балғын ашытқы
ДАЙЫНДАУ ӨТЕ ЖЕҢІЛ
#3
Салмалар

Салмаға келер болсақ, аз – яғни күшті – салма үшін 5 ингредиенттен артық қолданбаңыз. Барынша ләззат алу үшін түстік безендіру туралы ұмытпаңыз және тәтті мен ащыны үйлестіріңіз.

Ингредиенттер сапасы пицца сапасын анықтайды – жергілікті өнімдерді немесе шаруалар нарығындағы өнімдерді таңдаңыз, экологиялық таза өнімдерді таңдауға тырысыңыз.

САЛМАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Көршілерге арналған уақыт
1 ПИЦЦАҒА АРНАЛҒАН ИНГРЕДИЕНТТЕР
  • қамырдың 1 порциясы (230 г)

РЕЦЕПТТІ БЕЛГІЛЕУ

  • 5 қасық інжір джемы
  • 6 тілім бекон
  • 100 г бри ірімшігі
  • 1 балғын шабдалы
  • Балғын райхан жапырағы

 

НҰСҚАУЛАР

Қамырға інжір джемін жағып, пиццаны PizzaPlus бағдарламасында пісіріңіз. Табаға шабдалы мен бекон тілімдерін қуырып алыңыз. Піскен пиццаға бри, піскен шабдалы, бекон және райхан қойып шығыңыз.

Вегетариандық пиццаға да уақыт келді
1 ПИЦЦАҒА АРНАЛҒАН ИНГРЕДИЕНТТЕР
  • қамырдың 1 порциясы (230 г)

РЕЦЕПТТІ БЕЛГІЛЕУ

  • 5 қасық “Сан-Марцано” қызанақтары
  • 1 шай қасық шөп (кептірілген райхан, орегано, гүлшетен)
  • үккіштен өткен пармезан
  • 10 черри қызанағы
  • 1 буратта
  • райхан жапырақтары

 

НҰСҚАУЛАР

“Сан Марцано” қызанақтарын қамырға қойып шығыңыз. Ингредиенттерді мынадай тәртіппен қосыңыз: шөп және пармезан, содан соң PizzaPlus бағдарламасында пісіріңіз. Піскен пиццаның үстіне черри қызанақтарын, буррата ірімшігі мен райханды қойып шығыңыз.

Спорттық оқиғалар кеші
1 ПИЦЦАҒА АРНАЛҒАН ИНГРЕДИЕНТТЕР
  • қамырдың 1 порциясы (230 г)

РЕЦЕПТТІ БЕЛГІЛЕУ

  • 5 қасық “Сан-Марцано” қызанақтары
  • 1 шай қасық шөп (кептірілген райхан, орегано, гүлшетен)
  • 1 моцарелла
  • 100 г ұсақтап туралған салями

 

НҰСҚАУЛАР

“Сан Марцано” қызанақтарын қамырға қойып шығыңыз. Ингредиенттерді мынадай тәртіппен қосыңыз: шөптер, моцарелла, салями, зәйтүн және PizzaPlus бағдарламасы режимінде пісіріңіз.

Гавай түні
1 ПИЦЦАҒА АРНАЛҒАН ИНГРЕДИЕНТТЕР
  • қамырдың 1 порциясы (230 г)

РЕЦЕПТТІ БЕЛГІЛЕУ

  • 200 г тауықтың төс еті
  • зәйтүн майы, түз және бұрыш
  • 2 қасық сарымсақ пастасы
  • 1 шай қасық шөп (кептірілген райхан, орегано, гүлшетен)
  • 1 моцарелла
  • 1 тостаған туралған балғын ананас тілімдері
НҰСҚАУЛАР

Тауық етіне тұз, бұрыш және зәйтүн майын қосыңыз. Оны ыстық табада пісіріңіз, суытыңыз және тураңыз. Қамырға сарымсақ пастасын жағыңыз. Қамырдың үстіне туралған моцарелланың жартысын, шөптерді, тауық еті бөліктерін және ананасты қойып шығыңыз. Соңында қалған моцарелланы қойып шығып, пиццаны PizzaPlus бағдарламасының көмегімен пісіріңіз.

Балаларға арналатын уақыт
1 ПИЦЦАҒА АРНАЛҒАН ИНГРЕДИЕНТТЕР
  • қамырдың 1 порциясы (230 г)

РЕЦЕПТТІ БЕЛГІЛЕУ

  • 5 қасық “Сан-Марцано” қызанағы
  • 1 шай қасық шөп (кептірілген райхан, орегано, гүлшетен)
  • 1 моцарелла
  • 5 тілім пісірілген прошутто

 

НҰСҚАУЛАР

“Сан Марцано” қызанақтарын қамырға қойып шығыңыз. Ингредиенттерді мынадай тәртіппен қосыңыз: шөп, моцарелла, прошутто, саңырауқұлақ және PizzaPlus режимінде пісіріңіз.

Құрбыларға арналған уақыт
1 ПИЦЦАҒА АРНАЛҒАН ИНГРЕДИЕНТТЕР
  • қамырдың 1 порциясы (230 г)

РЕЦЕПТТІ БЕЛГІЛЕУ

  • 5 қасық “Сан-Марцано” қызанақтары
  • 1 шай қасық шөп (кептірілген райхан, орегано, гүлшетен)
  • 1 моцарелла
  • балғын ақжелкен
  • 2 қасық балғын түлкішек
  • 2 қасық балғын ақ саңырауқұлақ

 

НҰСҚАУЛАР

Алдымен саңырауқұлақтардың суын буландырып алу үшін, оларды майы бар табада қуырып алыңыз. “Сан Марцано” қызанақтарын қамырға қойып шығыңыз. Ингредиенттерді мынадай тәртіппен қосыңыз: аскөк, моцарелла, ақжелкен, саңырауқұлақ; PizzaPlus режимінде пісіріңіз.